Қазақстанда Кітапханашы күні пайда болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мерекелік күндердің тізбесіне қатысты қаулы жобасын даярлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы орайда мерекелік күндердің тізбесіне қатысты жобада мынадай мазмұндағы 37-1 пунктімен толықтырылады:

«37-1. Кітапханашы күні – 22 қазан».

Атап айтқанда, аталған жобаның мақсаты - кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатты қоғамдық талқылау биылғы 18 ақпанға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар