Қазақстанда қызылша мен көкжөтелге шалдығу көрсеткіштері 6,8 есе төмендеді
АСТАНА. KAZINFORM — Алты айдың қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деңгейде, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

— 31 инфекция, оның ішінде қызылша, көкжөтел 6,8 есе, А вирустық гепатиті 2,4 есе, коронавирустық инфекция 2,1 есе, лямблиоз 30%, аскаридоз 20% төмендеді, — деп атап өтті Комитет.
Сонымен қатар, есепті кезеңде 24 инфекциялық ауру, оның ішінде: оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратиф бойынша жағдайлар тіркелмеген.
Қызылшаға қарсы профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі шеңберінде 336 мыңнан астам бала, ал көкжөтелге қарсы 480 мыңнан астам бала егілді. Вакцинациялаумен қамту ұсынылған көрсеткіштер шегінде болады.
Сондай-ақ, эпидемиологтер атап өткендей, ұлттық иммундау бағдарламасы басымдықтарының бірі адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау болып қала береді.
11-13 жас аралығындағы қыздарды жоспарлы иммундау шеңберінде вакцинациялаудың бірінші кезеңінен 148 444 қыз, екінші кезеңнен 86 745 қыз өтті.
Бұған дейін биылғы наурыз айында қызылшаның 804 жағдайы тіркелді. Бұл ретте осы ауруды ең көп жұқтырудың осыған дейінгі кезеңімен (10339 жағдай) салыстырғанда, оған шалдығу көрсеткішінің 99 пайызға төмендеуі байқалды.