Қазақстанда «Кодтау сағаты» бастамасына 30 мыңнан астам адам қатысады
ҚР БҒМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Кодтау сағаты» бастамасы - бағдарламалаудың қызықты әрі оңай екендігін көрсететін тиімді жол. 2014 пен 2015 жылдың басында шамамен 134 миллион адам мұндай бастамаға қатысты, оның 15 миллионы - АҚШ-та, ал 7,5 миллионы - Ресейде. Бұл бастама бағдарламалаудың қызық еместігі, немесе «қыз балаларға арналмағандығы», не өте қиын пән екендігі туралы сыңаржақ пікірлерді сейілтеді. Бастама мақсаты - жастардың бағдарламалау мен информатикаға деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар жастар алдында ІТ мамандығының беделін көтеру.
«Кодтау сағаты» Қазақстанда бұрын-соңды өткен ІТ саласындағы білім беру шаралар ішінде ең ірісі болады. Бұл бастамаға оқушылардың рекордтық саны - 30 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Олардың әрқайсысы бағдарламалау дағдыларын үйренуге бірегей мүмкіндік алады және ІТ саласындағы алғашқы қадамдарын жасайды. Информатика пәні бойынша ашық сабақ Қазақстанның барлық мектептерінде 3-7 сынып оқушыларына өткізілуіне ұсыныс жасалады.
«Кодтау сағаты» информатиканың арнайы сабағында мұғалім оқушыларға бағдарламаушының не істейтіні туралы айтып береді және балалармен бірге олардың бірінші код жолдарын жазады.