Қазақстанда көктемде аң аулауға тыйым салынды

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бұйрығымен 16 ақпан мен 14 маусым аралығында еліміздің барлық өңірінде аң аулауға тыйым салынды», - делінген хабарламада.
Сәкен Ділдахмет аң аулауға тыйым салудағы негізгі себепті атады. Көктемгі аңшылық кез келген жануарды қатты алаңдатып, тыныштығын бұзады, сөйтіп құстардың ұя салған жерін тастап кетуіне мәжбүрлейді. Осылайша ұя салу процесі бұзылады.
Сондай-ақ көктемгі аңшылық кезінде жануарлардың ішінен ең әуелі репродуктивті тұрғыда өте белсенді және бағалы еркектері құрбан болады, бұл түрлер генофондын нашарлатып жібереді.
Мысалы, есептік деректер бойынша жабайы үйректердің саны 2015 жылы 2014 жылға қарағанда 2 млн басқа азайған. Жабайы үйрек саны азайған соң браконьерлік фактілері де көбейіп кетті.