Қазақстанда қолайлы транслогистикалық ахуалға негізделген жоспар әзірленіп жатыр - Ә.Исекешев

ТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанда қолайлы транслогистикалық ахуалға негізделген жоспар әзірленіп жатыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Көлік күндері аясындағы «ТРАНСЕУРАЗИЯ-2011» 8-ші Халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде Үкімет басшысының орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты.

«Бүгінде Қазақстанда транслогистикалық жүйені дамыту бойынша шеберлік жоспар әзірленуде. Бұл жоспар шекаралық өткелдерде қадағалау шараларын жетілдіру мен жеделдету мәселесін, кедендік процедураларды жақсарту, ел аумағынан тауар мен жүктерді тасымалдаудың нақты кестесін әзірлеуді қамтиды. Жалпы ол қолайлы логистикалық ахуалға негізделген», - деп атап өтті министр.

Оның сөзіне қарағанда, алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін «Қазақстан темір жолы» АҚ ықпалдасқан транслогистикалық оператор ретінде анықталды.

«Бұл мәселе Қазақстанның көліктік саясатын бұдан әрі қарай дамытудың негізгі бағыты болады», - деп түйіндеді Ә.Исекешев.

Соңғы жаңалықтар