Қазақстанда көлік бағасы төмендеуі мүмкін – Өнеркәсіп министрі

АСТАНА. KAZINFORM – Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев елімізде отандық өндірістің кеңеюі есебінен автокөлік бағасының төмендеуі күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Hyundai лидирует на авторынке Казахстана более 2 лет
Фото: «Астана Моторс»

Министрдің айтуынша, 2025 жылдың қаңтар айындағы статистика автокөлік бағасының 105%-ға өскенін көрсеткен. Ал Қазақстанда өндірілген көліктер бойынша өсім 101% деңгейінде болған.

– Өздеріңіз білесіздер, қазақстандық зауыттар жыл сайын шығарылатын маркалар қатарын көбейтеді. Жаңа маркалар нарыққа шыққан сайын, бағалар міндетті түрде төмендейді. Мұны нақты айта аламын. Отандық автокөлік өндірісінің артуы қытайлық көліктердің бағасының төмендеуіне де әсер етеді, – деді Ерсайын Нағаспаев.

Бұған дейін Kazinform агенттігі 2026 жылы жеңіл автокөліктерді импорттау және кедендік рәсімдеу тәртібі, қосымша салықтар мен тіркеуге дейінгі негізгі талаптар туралы жазған болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум