Қазақстанда Конфуций институты ашылады

АЛМАТЫ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ақпанның 23-інде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Конфуций институтының ашылу рәсімі өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол ҚазҰУ-дың жанынан 2002 жылы құрылған Қытай тілі орталығы негізінде ұйымдастырылып отыр. Қазақтың ұлттық университеті мен Қытайдың Ланьчжоу университетінің арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас пен көпжылғы әріптестік байланыстың нәтижесінде дүниеге келген Конфуций институтының басты мақсаты - Қазақстан үшін қытай тілінің мамандарын даярлайтын негізгі ғылыми білім беру орталығына айналу. Мультимедиялық оқу құралдары бар екі компьютерлік зал және лингафон кабинетімен жабдықталған институттағы қос жерсеріктік антеннасы қытай телеарналарының хабарларын тікелей көруге мүмкіндік туғызады. Бұл орталықта сондай-ақ 5 мыңнан астам көмекші оқу құралдары мен түрлі анықтамалық әдебиеттер және бейне-дыбыс материалдары жинақталған кітапхана бар. Институттың ашылу рәсіміне Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Чэн Гопин, Ланьчжоу университетінің вице-президенті Дзинь Тау мен басқа құрметті меймандар қатысады деп жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар