Қазақстанда Конституция күні ХҚКО-лар жұмыс істемейді

АСТАНА. KAZINFORM — 30 тамыз – Конституция күнін мерекелеуге байланысты Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар мамандандырылған орталықтар жұмыс істемейді.

Жаңаөзен
Фото: Жаңаөзен қалалық ХҚКО

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, 31 тамызда кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызмет көрсетеді. Жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

«Дүйсенбі, 2 қыркүйектен бастап орталықтар азаматтарды әдеттегі кестеге сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі аралықта, кезекші ХҚКО-лар 20.00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күндері кезекші мамандандырылған орталықтар сағат 9.00-13.00 аралығында жұмыс істейтін болады», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын несиесін төлеу кезінде қиындыққа тап болған БҚО тұрғыны өзін өлгендер тізімінен тапқанын жазған болатынбыз.

ХҚКО жұмыс кестесі
Фото: Азматтарға арналған үкімет

 

 

Соңғы жаңалықтар