Қазақстанда көппәтерлі үйлерді басқарудың E-shanyraq бірыңғай жүйесі енгізіледі
Халықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өмір сапасын жақсарту мақсатында көппәтерлі үйлерді интеллектілі басқарудың E-shanyraq бірыңғай жүйесі енгізіледі. Аталған жүйе - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторының барлық қатысушылары үшін бизнес процесс. Тұрғындар аударымдар мен есептеулердің дұрыстығын тексеріп, электронды дауыс бере алады және үйге қатысты барлық мәселелерге қашықтан қатысады. Сонымен бірге басқарушы ұйым қызметіне мониторинг жүргізіп, үйге қатысты барлық кірістер мен шығыстарды бақылау мүмкіндігін алады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы проблемалары бойынша өтінім береді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, басқарушы компанияда бір рет және бірыңғай нысанда есептік ақпараттарды орналастыру мүмкіндігіне ие болады. Ал жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдар жүйеде орналастырылған сенімді ақпарат негізінде сараланған шешім қабылдау мүмкіндігіне алады.
«E-shanyraq интеллектілі-ақпараттық жүйесінің базасында сараптамалық ақпараттардың дереккөзі ретінде үлкен мәліметтерді пайдаланатын республикалық ситуациялық орталық құрылады. Ол мемлекетке сектордың қажеттілігі мен проблемаларын түсінуге, апатты желілерге, тозығы жеткен тұрғын үй қорына және коммуналдық кәсіпорынның жай-күйіне дер уақытында әрекет етуге мүмкіндік береді. E-shanyraq жүйесі жанынан туындайтын барлық мәселелерді шешу үшін Call-center жұмыс істейтін болады», - деді Бейбіт Шаханов.