Қазақстанда көрмелік-жарнамалық және жәрмеңкелік қызметті реттейтін арнайы заң жоқ

«Көрмелер «Жарнама туралы» заңның, көрме-жәрмеңкелік қызметті дамыту туралы Үкіметтің Қаулысы негізінде адал кәсіпкерлермен, мемлекеттік құрылымдармен ұйымдастырылады. Алайда EXPO-2017 шарасы қарсаңында Үкіметте «ЭКСПО-2017 халықаралық көрме шарасын өткізу туралы» заң жобасы қаралуда», - деп атап өтті ол.
Қ.Жазиннің айтуынша, Қазақстанда көрме бизнесінде көп жылғы тәжірибелері бар, кәсібилігі жоғары 20-дан астам ұжым бар.
«Астанада конгрестік-көрмелік қызмет белсенді түрде атқарылуда. 2002-2012 жылдары аралығында 55 халықаралық конгресс пен форумдар, түрлі салаларда 119 халықаралық көрме, 2009-2012 жылдары 46 ірі халықаралық конференция өтті. Мәдениетке келетін болсақ, елордалық мұражайларда жылына 120-дан астам уақытша көрме ұйымдастырылады. Олардың қатарында саяси шаралар елеулі орын алады. 2010 жылы посткеңестік аймақта алғаш рет ЕҚЫҰ саммитінің өткенін білесіздер, үш жылда бір рет дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтіп тұрады, Еуразиялық медиа форумы, Астана экономикалық форумы, Kazenergy еуразиялық форумы, «Жасыл көпір» форумы сынды шаралар да елдің экономикалық-әлеуметтік өмірінде маңызды рөл атқаруда», - дейді Қ.Жазин.