09:41, 19 Қараша 2022 | GMT +5
Қазақстанда коронавирус пен пневмония тағы 107 адамнан анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясына – 94, коронавирус белгілері бар пневмонияға 13 адам шалдықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазіргі уақытта коронавирустан – 615 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 171 (КВИ-), барлығы 786 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 112 пациент стационарда, 674 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Айта кетейік, мұның алдындағы бір тәулікте коронавирус - 83, коронавирус пневмониясы 6 адамнан анықталған болатын.