Қазақстанда коронавируске шалдыққандар саны 1480-ге жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«17 сәуір сағат 12.25-тегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 10 жағдай тіркелді. Түркістан облысында - 1, Ақтөбе облысында - 4, Нұр-Сұлтан қаласында - 5 оқиға.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 333 адам, Алматы қаласында – 461 адам, Қарағанды облысында - 87 адам, Ақмола облысында - 81 адам, Атырау облысында - 72 адам, Жамбыл облысында - 53 адам, Шымкент қаласында - 46 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 29 адам, Ақтөбе облысында - 18 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 29 адам, Павлодар облысында - 15 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам, Қызылорда облысында - 143 адам, Батыс Қазақстан облысында - 30 адам, Түркістан облысында - 56 адам, Қостанай облысында - 7 адам, жалпы 1480 науқас тіркелді», - делінген ақпаратта.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, індеттен барлығы 285 адам жазылып шықты. 17 науқас қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар