23:13, 10 Маусым 2020 | GMT +5
Қазақстанда коронавирустан тағы 6 науқас қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 6 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласында - 47, 59, 68 және 70 жастағы төрт ер адам, Батыс Қазақстан облысында - 79 жастағы әйел, Қарағанды облысында - 67 жастағы ер адам көз жұмды.
«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген ақпаратта.
Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус барлығы 13 319 адамнан анықталды, оның ішінде жазылғандар саны - 8 345, қайтыс болды - 67 науқас.