09:27, 20 Тамыз 2020 | GMT +5
Қазақстанда коронавирустық пневмония бір тәулікте 787 адамнан анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бір тәулікте коронавирустық пневмонияға 800-ге жуық адам шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 787 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 20541, 237 өлім жағдайы тіркелді», - делінген ақпаратта.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19 тамыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 244 адамнан анықталды. Оның ішінде 110 адам - симптомсыз тасымалдаушы.
Бір тәулікте індеттен 164 адам жазылып шықты.
Бүгінге дейін коронавирус жалпы 103 815 адамнан анықталды. Оның ішінде 86 450 науқас – жазылды, 1415 науқас – қайтыс болды.