Қазақстанда ковидке қатысты шектеу енгізу жоспарда жоқ - министр

«Ковид шектеулері туралы айтатын болсақ, Қытайдағы қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Пандемия басталғаннан бері Қытайда өте қатаң шектеу шаралары қабылданды. Осы орайда, олар инфекцияны оқшаулауға қатысты шектеу іс-шараларына ерекше мән берді. Қазір Қытайдағы ұжымдық иммунитет қандай деңгейде екенін айта алмаймын. Оларда ауру шыққан жерлерде шектеу іс-шаралары қабылданады. Бұған халық өз наразылығын білдіріп жатқан болар», - деді А. Ғиният Сенаттағы Үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.
«Елімізде 10 миллионнан астам адам вакцина салдырғанын, бес миллионнан астам адамға қайта вакцинациялау жүргізілгенін, ұжымдық иммунитет қалыптасқанын, сондай-ақ омикронды адамдар жеңіл еңсеріп жатқанын ескере отырып, ел аумағында шектеу іс-шараларын енгізу жоспарланбаған», - деді министр.
Бұған дейін хабарланғандай, Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда анықталған коронавирустың «цербер» штамының ерекшеліктерін айтты.