Қазақстанда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
None
None

Мемлекет басшысының Жарлығы арқылы «Назарбаев орталығы» көпфункциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі базасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесін құру көзделген.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының жеке кітапханасы мен жеке мұрағатының жұмысын қамтамасыз ету, Қазақстанның қалыптасу және даму тарихын зерттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының идеялары мен бастамаларын ел ішінде және шетелдерде ғылыми-талдамалық және ақпараттық-имидждік ілгерілету мақсатында құрылған.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметіне бірқатар тапсырма, соның ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру жөнінде тапсырма берілген.

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы М.Б.Қасымбековке «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры міндетін атқару жүктелді.

Соңғы жаңалықтар