Қазақстанда креативті индустрияны қолдау корпоративтік қоры құрылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 1-5 қараша күндері І Креативті индустриялар апталығы өтеді. Форумға білім беру және креативті хабтар, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Голландия, Италия, Ұлыбритания елдерінің креативті сегмент ұйымдары қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Бүгін форумның ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев бүгінгі күні еліміздің экономикалық дамуының басым бағыттардың бірі ретінде креативті экономиканың дамуына ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты.

«Былтыр Үкімет креативті индустрияларды дамыту Тұжырымдамасын қабылдады және қазіргі уақытта Тұжырымдама жоспарлы түрде іске асырылып жатыр. Жақын арада, креативті индустриялар бойынша құзырет біздің министрлікке бекітіледі. Мәдениет және спорт министрлігі атынан «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы осы саланы дамытумен айналысады деп шешілді. Сондықтан сіздердің идеяларыңызды тыңдау, жобалармен танысу және сіздермен бірге саланы дамытуға күш салу біз үшін маңызды. Біз қазіргі кезде таланттар мен креативті ұжымдарды қолдау саясатын пысықтап жатырмыз.

Ол сондай-ақ алдағы уақытта Қазақстанда креативті индустрияны қолдау корпоративтік қоры құрылатынын мәлім етті.

«Қордың көмегімен жас таланттар қолдау тауып, шығармашылығын дамытатын болады. Қордың функциялары таланттар мен олардың шығармашылық өнімдерін анықтау, акселерациялау және «экспортқа» дайындау болады»,- деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.


Соңғы жаңалықтар