Қазақстанда күн электр стансасының құрылысы басталды

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - «Самұрық - Энерго» АҚ «Қапшағай қаласында қуаттылығы 2 МВт-тық күн электр стансасының құрылысы» жобасын іске асыра бастады.
None
None

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылдың 1 қазанында Астанада жоғары сапалы күн панельдерін өндіретін BISOLGroup-тың (Словения Республикасы) 100 пайыз еншілес компаниясы болып табылатын BISOL CentralAsiaLtd (Ұлыбритания) компаниясымен жобалау, жеткізу, жобаны салу мен оны тапсыру бойынша кешенді жұмыстарды сатып алу жөнінде келісімге қол қойылды. Құрылыс 4-5 айға созылады.

Бүгінгі күні бұл Қазақстан Республикасында өндірістік көлемде озық технологиялар мен тиімді жабдықтар қолданылатын ең алғашқы жоба болып табылады. 

Жобаның мақсаты - Алматы облысының электр қуатына деген өскелең қажеттілігін  қамтамасыз етуде күн ресурстарын пайдалану, қоршаған орта жағдайын жақсарту.

Құрылыс аяқталған соң «Samruk-GreenEnergy» ЖШС («Самұрық - Энерго» АҚ-ның 100 % еншілес компаниясы) күн электр стансасының операторы әрі иесі болмақ. 

Соңғы жаңалықтар