Қазақстанда күн күрт бұзылуы мүмкін – төтенше ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — 13 шілдеде еліміздің 16 өңірі мен Астанада найзағай мен қатты жел күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

- Қарағанды облысы
Түнде шығысында найзағай күтіледі. Күндіз батысында және солтүстігінде солтүстік-батыстан 15–20 м/с жел соғады. Солтүстігі мен шығысында жоғары, ал батысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
-
Қызылорда облысы
Солтүстіктен соғатын жел, шығысында күндіз екпіні 15–20 м/с. Күн қатты ыстық – +40°. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.
-
Ақмола облысы
Таңертең және күндіз солтүстігі, орталығы мен оңтүстігінде найзағай мен бұршақ. Күндіз жел 15–20 м/с. Батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
-
Атырау облысы
Түнде және күндіз – найзағай, күндіз солтүстігі мен батысында шквал. Күндіз 15–20 м/с жел, қатты ыстық – +35+39°. Жоғары, ал оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі.
-
Маңғыстау облысы
Күндіз өте қатты ыстық – +38+40°, өте жоғары өрт қаупі сақталады.
-
Абай облысы
Түнде солтүстігі мен орталығында – қатты жаңбыр мен найзағай, күндіз – бұршақ, шквал. Жел – 15–20 м/с. Жоғары және өте жоғары өрт қаупі сақталады.
-
Шығыс Қазақстан облысы
Найзағай, бұршақ, шквал. Жел – 15–20 м/с. Жоғарғы өрт қаупі бар.
-
Ақтөбе облысы
Күндіз +35+38° ыстық, жел – 15–18 м/с. Кей өңірлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
-
Жетісу облысы
+35+38° ыстық, өте жоғары өрт қаупі.
-
Павлодар облысы
Солтүстігінде найзағай, жел – 15–20 м/с.
-
Солтүстік Қазақстан облысы
Найзағай, күндіз бұршақ. Жел – 15–20 м/с.
-
Алматы облысы
Күндіз оңтүстігінде желдің екпіні – 15–20 м/с.
-
Қостанай облысы
Жел – 15–20 м/с. Кей бөліктерінде өте жоғары және жоғары өрт қаупі сақталады.
-
Батыс Қазақстан облысы
Найзағай, шквал. Күндіз +35°, кей жерлерде +40°. Жоғары өрт қаупі.
-
Жамбыл облысы
Таулы аймақтарда найзағай, жел – 15–20 м/с. Өңірдің көп бөлігінде өте жоғары өрт қаупі.
-
Түркістан облысы
Күндіз +40° ыстық күтіледі.
Бұған дейін «Қазгидромет» 12–14 шілде аралығындағы республикалық ауа райы болжамын таратқан болатын.