Қазақстанда күн сайын әлеуметтік маңыздағы тауарларға мониторинг жүргізіледі
«Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу мақсатында Агенттік тиісті жедел шаралар қабылдауда Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтарында бағаны ұстап тұру және 10% - ға дейін сауда үстемесін белгілеу бөлігінде өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенстің 189 актісі жасалды. Биылғы 5 қаңтардан бастап күн сайын өңірлер бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық позициялары бойынша бағаларға мониторинг жүргізіледі», - деді С. Жұманғарин.
Оның айтуынша, бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер және үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша 8 тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл тұрғыда тауық жұмыртқасын өндірушілерге қатысты 6 тексеру, тауық еті бойынша 1 тексеру, сондай-ақ қантқа қатысты тағы бір тексеру амалдары қамтылған.