Қазақстанда құрастырылатын сұранысы жоғары 5 көлік моделі белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстанда 147 431 көлік құрастырылған.

Қазақстан автокөлік одағының мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы ең көп құрастырылатын жеңіл автомобиль брендтері мыналар: Hyundai (45 364 көлік шығарған), Chevrolet (39 349), Kia (24 111), JAC (13 682) және Jetour (11 305).
Ал нақты модельдерге жіктесек, Chevrolet Cobalt (33 843), Hyundai Tucson (21 881), Kia Sportage (9 192 ), Hyundai Elantra (8022 ) және Jetour X70 (5 259) көліктер көп құрастырылған..
2024 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша, елімізде 12 587 электромобиль тіркелген. Бұл бір жылда электромобильдер саны 1,6 есе өсті деген сөз.
Қазақстан автокөлік одағының дерегі бойынша, Қостанайдағы Allur («СарыарқаАвтоПром») кәсіпорны 2024 жылы 90 515 көлік құрастырған (2023 жылғы көрсеткіштен +0,3%). Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауыты 45 410 жеңіл көлік құрастырған (-7,1%). Семейдегі СемАЗ зауыты 4 271 коммерциялық техника құрастырған (+12,8%). Қарағанды облысының Саран қаласындағы QazTehna кәсіпорны 1 576 коммерциялық техник ақұрастырған (-12,5%). Көкшетаудағы «КАМАЗ Инжиниринг» зауыты 1 524 жүк көлігін (+15,5%), Алматыдағы Hyundai Trans Almaty кәсіпорны 796 коммерциялық техника (-18,9%), Семейдегі Daewoo Bus Kazakhstan 537 автобус (-11,8%), «Уральскагрореммаш» 105 арнайы техника (-14,6%), өзге зауыттар 2 697 техника құрастырған.
Осыған дейін жеке адамдардың автокөлік пен жылжымайтын мүлікті лизингке алатыны туралы жаздық.