Қазақстанда күрделі жөндеуді қажет ететін үйлер саны нақтыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлер саны нақтыланды. Бұл туралы Сенатта коммуналдық қызметтер саласын талқылауға арналған кездесуде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы саны 78 657-ге жеткен. Олардың ішінде 54 808-і немесе 69 пайызы қанағаттанарлық жағдайда, ал күрделі жөндеуді талап ететін үйлердің саны 19 639-ды құрады. Апаттық жағдайдағы 1 383 үй тіркелді немесе 1,8 пайыз», - деді Қ. Өскенбаев.

Оның сөзіне қарағанда, көппәтерлі тұрғын үйлердің жағдайымен 14 938 басқару органы айналысады.

«Бүгінде елімізде тұрғындардың пәтер иелері кооперативтері (ПИК) жұмысының ашықтығына, тұрғын үйге қызмет көрсету саласының төмендігіне және басқа да қызмет түрлеріне көңілдері толмайтындар жеткілікті. Басқару органдарына сенімнің төмендеуіне байланысты пәтер иелерінің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаражат жинауға құлқы жоқ. Сонымен қатар, ПИК-тер тәжірибесінде көп үйге қызмет көрсететін болды және барлық үйлерге бір есепшот ашады. Бұл да жиналған қаржының мақсатты пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік бермейді», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Соңғы жаңалықтар