Қазақстанда құрылыс саласында жаңа стандарттар енгізіледі
«Бұл реформаның басты мақсаты - нормативтік базаны үйлестіру және жетілдіру арқылы ДСҰ-ға кіруді ескерумен Кеден одағымен бірлесіп, еуропалық және әлемдік жүйеге құрылыс саласын интеграциялау болып табылады. Аталған реформаны іске асыру үш кезеңге жоспарланды», - деп атап өтті М.Абақанов.
Бірінші кезең - дайындық кезеңі. «СН РК EN құрылыс нормалары, ғимарат, құрылыс, инженерлік жүйелерге қағидалар жиынтығы мен құрылыс нормаларын әзірлеуді, еурокодпен сәйкес келетін қағидалардың құрылыс нормалары мен жиындарын қолдайтын сілтеме стандарттарына, сондай-ақ климаттық, геологиялық, табиғи-климаттық, сейсмологиялық және Қазақстанның басқа да ұлттық ерекшеліктерін есепке алып, оған ұлттық қосымшаларды үйлестіруді аяқтау жоспарлануда», - деп түсіндірді ҒЗИ өкілі.
Оның айтуынша, екінші кезең 2015 жылдан бастап жаңа техникалық реттеу жүйесіне көшуді және 2020 жылға дейін жаңа және ескі техникалық реттеу жүйесін «қатар алып жүру кезеңін» көздейді.
Үшінші кезең 2021-2025 жылдарға межеленіп отыр. Бұл кезеңде реформаның нәтижелері көрініс беріп, қорытындыланады деп күтілуде.
Құрылыста баға белгілеудің жаңа ресурстық әдісіне көшу үрдісі туралы «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның бейінді орталығының директоры Бауыржан Жанұзақов айтты.
«Технологиялық карта негізінде құрылыс өндірісінің жаңа технологиялары бойынша ресурстық сметалық-нормативтік базаның жаңа нормалары енгізіледі. Келісу сатысында Қазақстан мен Беларусь республикалары арасындағы мемлекетаралық келісім бар. Бұл келісім екі елдің осындай сметалық нормаларды әзірлеуге арналған бюджеттік шығыстарын төмендетуге мүмкіндік береді», - деді ол.