Қазақстанда медициналық компьютерлік томографтардың саны дамыған елдерден 2-3 есе аз

АЛМАТЫ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Жүрек-қан тамырлары мен онкологиялық аурулардан көз жұматындарды азайтуда, оның алдын алуда диагностиканың маңызы зор.
None
None

Бұл жайлы  бүгін Алматыда өтіп жатқан 19-қазақстандық халықаралық «Денсаулық сақтау» (KIHE 2012 - Kazakhstan International Health Exhibition) көрмесінде айтылды.

«Қазіргі уақытта ТМД елдерінде жоғары технологиялық медициналық құрал-жабдықтардың үлесі артуда. Алайда Еуропа мемлекеттеріндегідей әлі жоғары  деңгейге жеткен жоқ. Мысалы, Экономикалық ықпалдастық және даму ұйымының мәліметтері бойынша 1 миллион тұрғынға шаққанда  компьютерлік томограф-сканер АҚШ-та - 34, Кореяда - 37, Италияда - 30, Германияда  16 болса,  Қазақстанда 80-ге жуық», - дейді  Philips компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Игорь Грачев. Оның айтуынша, соңғы бес жылда Philips компаниясы өзінің ресми серіктесі "TND" компаниясымен бірге Қазақстан емханаларының жабдықталуын жақсарту ісіне белсенді қатысып жүр. Мәселен, Денсаулық сақтау министрлігінің бағдарламалары мен тендерлеріне қатысу нәтижесінде олардың  жаңа медициналық құрал-жабдығы Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу инситутына, Алматыдағы Онкология және радиологиялық қазақ ғылыми-зерттеу институтына және Оңтүстік Қазақстан облысының емдеу-алдын алу мекемелерінде орнатылған. Сондай-ақ, 2010 жылдың күзінен бастап Маңғыстаудың облыстық емханасының мамандары  жаңа Achieva 1.5Т қуатты магниттік-резонанстық томографта клиникалық зерттеу жүргізуде.  Ал Қарағандының облыстық емханасындағы және Шымкент қаласындағы облыстық диагностика орталығындағы қуатты Brilliance 64-кесікті компьютерлік томографында сканерлеу күнделікті қарапайым жұмысқа айналып үлгерді.

Соңғы жаңалықтар