Қазақстанда медициналық техниканы сатып алу тәртібі өзгертіледі - ҚР ДСӘДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазіргі таңда қолданыстағы барлық медициналық техника мүліктері түгенделіп, оның тозу деңгейі анықталды». Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова ҚР ДСӘДМ-нің стратегиялық жоспардың негізгі көрсеткіштері, 2015 жылғы және 2016 жылдың 5 айындағы мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштері, алдағы кезеңнің жоспарлары туралы ҚР ДСӘДМ Қоғамдық кеңесінде есеп беру кезінде хабарлады.
None
None

«Медициналық техниканы сатып алуды өзгерту бойынша ұсыныстар дайындалды: медициналық ұйымдар құны 5 млн-ға дейінгі медициналық техниканы өздігінен сатып ала алады, 5-100 млн. теңге көлеміндегі техниканы лизинг арқылы, ал құны 100 млн.теңгеден астам бұйымдарды республикалық және жергілікті бюджет есебінен сатып ала алады», - деді министр.

Одан бөлек, ҚР ДСӘДМ басшысы ведомство дәрілік қамсыздандыруды жетілдіру мақсатында сапаның халықаралық стандарттарына сай дәрілік заттарды тіркеуді жеңілдету бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын дайындағанын мәлім етті. 

«Өткен жылы шетелдің сарапшылармен бірлесе отырып Ұлттық дәрілік формуляр әзірленіп, енгізілді. Оған республикада тіркеліп, барлық клиникалық тиімділігі дәлелденген және әрбір дәрінің шектік бағасы көрсетілген дәрілік заттар кіреді. Кепілдік берілген тегін медициналық көмек аясында сатып алынатын дәрілік заттардың тізімі жаңартылып, референттік баға құруды енгізудің бірінші кезеңі қамтылды. Тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына (GXP) өту бойынша жұмыс атқарылуда», - делінген mzsr.gov.kz сайтында жарық көрген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар