Қазақстанда мектеп мұғалімдерінің 19 пайызы ғана — ер ұстаздар

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Оқу-ағарту министрлігі ел мектептерінде еңбек етіп жүрген ер педагогтар жайлы мәлімет ұсынды.  

ұстаз
Фото: Pexels

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 93 048 ер педагог жұмыс істейді. 

Оның ішінде:

13 867 — колледж

76 502 — мектептерде

2 679 — мектепке дейінгі ұйымдарда.

Еске сала кетейік, Қазақстанның білім беру ұйымдарында 469 533 әйел педагог еңбек етеді.

Оның 28 340-ы колледж, 324 596-і мектептерде, 98 434-сы мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс істеп жүр.