Қазақстанда мемлекеттік тілдегі жаңа терминдерді кім бекітеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссия құрамына 16 адам кіреді. Комиссия төрағасы  - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Бұл туралы ҚазАқпараттың ресми сауалына орай аталған министрліктен хабарлады.
None
None

Комисия мүшелері қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, ғалымдар, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

ҚазАқпарат комиссия мүшелерінің толық тізімін оқырман назарына ұсынады:

1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төраға  Арыстанбек Мұхамедиұлы;

2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, төрағаның орынбасары  Ақтоты Райымқұлова;

3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары, хатшы  Ғалымжан Мелдешов;

4. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты  Мұрат Бақтиярұлы;

5. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты    Сауытбек Абдрахманұлы;

6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы  Қуаныш Асылов;

7. «Астана» медициналық университетінің профилактикалық медицина және тамақтану кафедрасының профессоры  Мұхамбедия Ахметов;

8. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппаратының Редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі  Жарқынбек Жақсымбетов;

9. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Аппаратының Редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі  Дәуітәлі Омашұлы;

10. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің редакциялық сараптама және актілерді шығару секторының меңгерушісі  Бекзада Сағын;

11. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті  Дархан Қыдырәлі;

12. «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесінің жетекші ғылыми қызметкері   Мәди Айымбетов;

13. «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымының қазақ тілі кафедрасының профессоры  Сарқыт Әлісжан;

14. «Ана тілі» ұлттық газеті «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы  Самат Ибрайым;

15. «Түркістан» газеті «Рауан баспалар үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы  Шәмшиддин Паттаеев;

16. Жазушы, аудармашы Кеңес Юсуп.

Соңғы жаңалықтар