Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік серіктестік бағытында 102 жоба қамтылған - ҚР ҰЭМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік-жекешелік серіктестік бағытындағы жүзеге асыруға сұранысы жоғары жобалардың ішінде балабақшалар тұр.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҰЭМ Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаментінің директоры Нұрым Аязбаев мәлім етті.

Қазір мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында түрлі дайындық кезеңінде 102 жоба бар екеніне тоқталған ол: «соның ішінде, 290 млрд. теңге сомасындағы республикалық маңыздағы 8 жоба қамтылған. Сондай-ақ 873 млрд. теңге көлеміндегі аймақтық деңгейде 94 жоба бар»,-деді.

Осы орайда департамент басшысы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы өткен жылдың соңына қарай қабылданғанын, барша қажетті заңнамалық база қалыптастырылғанын айта келе, енді жобалар заңда ескерілген басымдықтар арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді.

Н. Аязбаевтың сөзіне қарағанда, жаңа заңнама аясында жобалар қайта қаралып, мемлекеттік-жекешелік негізінде байқауларды қайта жариялау көзделіп отыр.

«Бұл бағытта сұранысы жоғары жобалар мектепке дейінгі білім беруге қатысты болып отыр. Екінші орында қалалық инфрақұрылым, яғни көшелерге жарықтандыру, паркингтер немесе автовокзалдар, көпірлер, жолдар тұр»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар