17:22, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстанда мемлекеттің меншігінде тек Ұлттық банк болуы тиіс - Н. Назарбаев
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда мемлекеттің меншігінде тек Ұлттық банк ғана болуы тиіс.

Біз бұған міндетті түрде ораламыз. Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Мен Қазақстанда мемлекеттің меншігінде тек Ұлттық банк болуы тиістігін айтып жүрмін. Бұған міндетті түрде оралатын боламыз. Біз әуелде алған бағытымыздан тайқымаймыз»,-деді Н. Назарбаев.Елбасы мемлекетті еліміздегі жүйе құрушы төрт банктің капиталына кіруге уақыт мәжбүрлеп отырғанын атап көрсетті.