13:27, 26 Тамыз 2014 | GMT +5
Қазақстанда мүгедектердің мәселесін Үйлестіру кеңесі шешеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесімен арнайы құрылған Үйлестіру кеңесі айналысады. Бұл туралы бүгін Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова айтты.

Оның айтуынша, кеңес құрамында 160-тан астам үкіметтік емес ұйымдар өкілдері бар. "Бізде құрылған Үйлестіру кеңесінде қаралған барлық мәселелер оң шешімін табуда. Бүгінде жарымжан жандардың басты мәселелерінің бірі оларға қолжетімді орта қалыптастыру болып табылады. Бұл тек ғимараттарға қолжетімділік емес, сонымен қатар емделуге, медициналық қызметтерге, білім алуға, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділік", - деді С. Жақыпова.