Қазақстанда мүлікті жария ету акциясы 25 күннен соң аяқталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мүлікті жария ету акциясының аяқталуына бір айға жуық уақыт қалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қаржы министрлігінің сайтында мүлікті жария ету акциясы 25 күннен соң аяқталатыны хабарланып тұр.

«Мүлікті жария ету акциясының аяқталуына бір айға жуық уақыт қалды. Бүгінгі күнге 4 трлн. теңге жария етілді, оның ішінде 1,1 трлн.теңгесі мүлік, 2,9 трлн. теңгесі ақша. Бұл ретте, жария етілген қаражаттың 14 проценті, яғни 400 млрд. теңгесі шетелдердегі банк шоттарынан түсті»,-деп хабарлады министр.

Қаржы министрінің айтуынша, мүлікті жария ету акциясы аяқталып қалғанда, ақшасы мен мүлкін заңдастырамын деушілер саны көбейіпті.

«Мәселен, елдегі мүлік бойынша, егер жария етудің орташа айлық құны ағымдағы жылғы 9 айда 45 млрд. теңгені құраған болса, қазан айында жария ету сомасы 56 млрд. теңге, ал қараша айында бұл сома 114 млрд. теңгеге жетті. Яғни, жылдың басынан бері 2,5 есеге өсті. Ал егер 2014-2015 жылдардағы көрсеткіштермен салыстыратын болсақ, 4 еседен асқаны байқалады»,-деді Б.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар