Қазақстанда мұнай, газ, көмір, уран, литий және алтын қаншадан сатылып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық мұнайдың бағасы барреліне 79,87 долларды құрады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.

Цены на нефть, газ, уголь, уран, литий и золото в Казахстане
Коллаж: Kazinform/ Freepik/ Pixabay/ DALL-E

Бейсенбіде мұнай бағасы өзгерген жоқ, өйткені нарық АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ-қа ең ірі екі мұнай жеткізуші ел Мексика мен Канадаға қатысты тарифтерін бақылайды. Сонымен қатар инвесторлар 2025 жылдың 3 ақпанына жоспарланған ОПЕК+ мониторинг комитетінің отырысын күтеді.

Табиғи газдың бағасы 1 млн БЖБ $3,16 белгісінде (Британдық жылу бірлігі 293 кВт/сағ).

Бір аптада литий бағасының келісі 10,85 долларға дейін өсті.

Көмірдің әлемдік бағасы тоннасына 114,8 долларға дейін төмендеді.

29 қаңтардағы жағдай бойынша қазақстандық көмір сұрыптары бағасы:

- «Шұбаркөл» көмірі - 19,7 мың теңге/тонна;

- «Қаражыра» - 18 мың теңге/тонна;

- «Майкубен-Вест» - 15 мың теңге/тонна.

Уранның құны келісі 152,54 долларға дейін төмендеді.

Бір апта ішінде алтын бағасы 88 752 долларға дейін өсті, яғни бір грамы 88,75 доллар тұрады.

Бұған дейін АҚШ-тың арзан мұнай саясатына қатысты сарапшылардың пайымын саралаған едік. 

Айта кетсек, бірер күн бұрын елімізде мұнай өндіру бойынша тарихи рекорд орнатылды.

Сондай-ақ Ұлттық банктен алынған деректер негізінде алтын құйма алатын адам білуі тиіс мәліметтер топтамасын әзірлеген болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар