Қазақстанда мұнай өндіру бойынша тарихи рекорд орнатылды

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстанда орташа тәуліктік мұнай өндіру 278,4 мың тоннаға жетті, деп хабарлайды Kazinform Отын-энергетика кешенінің ахуалдық-талдау орталығына (ОЭК АТО) сілтеме жасап.

мұнай
Фото: pixabay

– 2025 жылғы 26 қаңтарда «ОЭК АТО» АҚ жедел деректері бойынша Қазақстанда орташа тәуліктік мұнай өндірудің тарихи рекорды тіркелді – 278,4 мың тонна. Бұл 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10,5%-ға артық (251,9 мың тонна), - делінген хабарламада.

ОЭК АТО атап өткендей, бұл нәтижеге қол жеткізу «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясының болашақ өсу жобасының (ККЖ) негізгі кезеңдерінің аяқталуы және Теңіз кен орнындағы үшінші буын зауытының (ТГЗ) іске қосылуының арқасында мүмкін болды.

Айта кетейік, «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Теңіз кен орнындағы жаңа үшінші буын зауытында шикі мұнай өндіруді бастады.

2024 жылдың қарашасында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан 2026 жылдан бастап жыл сайын 100 миллион тонна мұнай өндірілетінін айтқан болатын.

Елімізде мұнай өңдеу зауыттары кеңейтілетінін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар