Қазақстанда мұнай, газ, көмір, уран, литий және алтынның бағасы қандай

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан мұнайының бағасы барреліне 72 доллар болды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Мұнай
Коллаж: Canva

Өткен аптада қазақстандық CPC Blend мұнай брендінің бағасы 67 долларға дейін арзандап, бейсенбіде 72 долларға көтерілді. 

Мұнай өндіруші ОПЕК+ тобына мүше сегіз ел жексенбі күні мұнай бағасының құлдырауының жалғасуына жауап ретінде мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту мерзімін бір айға, желтоқсан айының соңына дейін ұзартқанын жариялағаннан кейін көп ұзамай баға көтерілді.

Табиғи газ бағасы 1 млн БЖБ (британдық жылу бірлігі, 293 кВт/сағ тең) үшін 2,72 долларға дейін төмендеді.

Литий бағасы бір аптада бір килограмм үшін 9,3 долларға дейін төмендеді. 

Көмірдің әлемдік бағасы тоннасына 144 долларды құрайды. 

Қазақстандық көмір сұрыптарының бағасына келсек: 

* «Шұбаркөл көмір» — 16,4 мың теңге/тонна;
* «Қаражыра» — 17,4 мың теңге/тонна;
* «Майкубен-Вест» — 14,5 мың теңге/тонна.

Уран бағасы өзгеріссіз қалып, келісіне 175 доллар деңгейінде қалды.

Алтын бағасы бір аптада 85 420 долларға дейін төмендеді. Бір грамының бағасы — 85,4 доллар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ақша айырбастау орындарында доллар 490-495 теңгеден саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар