Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8 пайызға артты

АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Энергетика министрлігі 2025 жылғы қаңтар–сәуір айларындағы ірі мұнай өңдеу зауыттарының жұмыс қорытындыларын шығарды.

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8 пайызға артты
Фото: Энергетика министрлігі

Елдің ірі мұнай өңдеу зауыттарында 2025 жылдың алғашқы төрт айында 6,092 млн тонна мұнай өңделді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға жоғары.

Өңдеу көлемінің артуы ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие негізгі мұнай өнімдерінің өндірісінің ұлғаюына басты фактор болды.

- Атап айтқанда: автомобиль бензині өндірісі 25,4%-ға артып, 2,082 млн тоннаны құрады; дизель отынының өндірісі 18,9%-ға өсіп, 1,921 млн тоннаға жетті; авиациялық керосин өндірісі 5,3%-ға артып, 0,255 млн тоннаны құрады, - деп жазды ведомстводан.

Энергетика министрлігі мұнай өңдеу саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен сенімді жабдықтау, сондай-ақ кәсіпорындардың тиімділігі мен технологиялық даму деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық шараларды іске асыруды жалғастырады.

Айта кетейік, Қазақстан мұнайын Әзербайжан арқылы тасымалдау көлемі 3 млн тоннаға жетті.

Соңғы жаңалықтар