Қазақстанда мұнай тасымалдау қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарланып отыр
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстанда жер қойнауын пайдалану тізбесін қалыптастыру кезінде ашық критерий жоқ екенін хабарлады. Қолданыстағы тізімдерде мұнай тасымалдау кезінде көлемді төмендету үшін негіздеме жоқ екенін алға тартып отыр.
Ведомство экспортқа арналған көліктік мұнайды реттеу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар үшін табыс алуда тең емес жағдайлар туындайтынын атап өтті. Әртүрлі бағалардың тіркелуі тең емес бәсекелестік жағдайларына әкеп соғып отыр.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Атасу-Алашанькоу және Кеңқияқ – Құмкөл бағыттары бойынша тариф тоннасына 6 799 теңге (тариф 2021-2023 жж. бастап өзгертілмеген), ал «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау-Самара бағыты бойынша тариф тоннасына 10 150 теңгеге тең (тариф 2021-2023 жж. бастап өскен 38%, 7358 теңгеден 10 150 теңгеге дейін)», - делінген хабарламада.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңда мұнайды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау бағасын реттейтін түзетулер енгізілді, деп түсіндірді агенттік мамандары. Енді магистральдық мұнай құбырларының иелері оларды өз бетінше бекітпек.