Қазақстанда «Нұр Отан» партиясының ұйытқы болуымен «Нар тұлға» акциясы басталады

деп хабарлады партияның бас кеңсесінің баспасөз қызметінен.
Барлық өңірлерде партияның аймақтық филиалдары кәсіпкерлерді білім беру, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, спорт және т.б. салаларға материалдық көмек көрсетуге үндеген баспасөз мәслихаттарын, брифингтер өткізеді. Әлеуметтік қорғаудағы халық өкілдеріне көмек көрсетуге әзір меценаттардың жалпы тізімі жасалады.
Бұл республикалық акцияны өткізудегі негізгі мақсат - отандық меценаттық қозғалысты әрі қарай дамыту және жеке тұлғалар мен ұйымдардың әлеуметтік бастамаларын қолдау, сондай-ақ осынау игі және қоғамдық маңызы зор істі кеңінен таныстыру, дейді партия өкілдері.
«Нар тұлға» акциясының қорытындысы бойынша меценаттар жылдың соңында «Нұр Отан» партиясының атынан алғыс хаттармен марапатталады.
Шығыс Қазақстанда «Нар тұлға» шарасы партия үндеуін қолдап, ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, ауған соғысының жауынгерлері мен спортшыларға қайырымдылық көмек көрсетуге ниет білдірген «Эскор» серіктестігінде өтетін кездесуден басталады.