Қазақстанда оқушыларға арналған жаңа 5 сауықтыру демалыс лагері ашылады - Білім министрі

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда 755 орынға есептелген 5 жаңа сауықтыру демалыс нысаны ашылады.

Қазақстанда оқушыларға арналған жаңа 5 сауықтыру демалыс лагері ашылады - Білім министрі

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2013 жылғы жазғы маусымда оқушыларды сауықтыру, олардың бос уақытын, демалысын ұйымдастыру бойынша баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.

«Республиканың 7 өңірінде мектеп жанындағы лагерьлер саны көбейді. Жалпы, маусым басталу қарсаңында республикада 775 орынға есептелген 5 атап айтқанда, Қостанайда - 1, Павлодарда - 1, Батыс Қазақстанда 3 сауықтыру демалыс нысаны ашылады»,-деді ол.

Министрдің атап өтуінше, жекеменшік 221 лагерьдің 82-сі жекеменшік- мемлекеттік әріптестік аясында жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған бөлігінен шыққан балаларға ерекше назар аударылады.

«Ағымдағы жылы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тұратын 680 мың бала, мүгедек балалар мен жетім балалардың 450-ге жуығы немесе 65,4 пайызы жазғы демалыспен қамтылады»,-деді Б. Жұмағұлов.