Қазақстанда өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектердің 37%-ы өндіріледі

АСТАНА. KAZINFORM — ДДҰ ұсынған өмірлік маңызды дәрілердің тізімінде бүгінгі таңда отандық препараттардың үлесі 37%-ға жетеді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

дәрі-дәрмек
Фото: ДСМ

— Бұл дегеніміз — созылмалы ауруларды емдеу, шұғыл көмек көрсету және реанимация үшін ең қажетті дәрі-дәрмектер біздің азаматтарымыз үшін тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, ел ішінде жиі жасалады, — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Ірі қазақстандық фармацевтикалық компаниялар ТМККК және МӘМС шеңберінде препараттарды тұрақты жеткізіп, ұлттық дәрілік қауіпсіздікті нығайта отырып, нарықта белсенді жұмыс істеп келеді.

Ведомство атап өткендей, халықаралық нарықтарға шығу және отандық препараттарға деген сенімді арттыру үшін күшті реттеу жүйесі өте маңызды. ДДҰ бағалау қорытындысы бойынша Қазақстан 8 негізгі индикатор бойынша жоғары көрсеткіштерге ие болды және дамушы елдер үшін ең жоғары — жетілудің 3 деңгейін растауға көшіп жатыр. 2026 жылдың бірінші жартысында бұл мәртебе ресми түрде танылады деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар, жаңа заманауи зертханалық кешен құрылып жатыр, ол дәрі-дәрмектердің сапасын бақылауды күшейтеді және қазақстандық өндірушілерге халықаралық нарықтарға сенімді түрде шығуға көмектеседі.

Бұдан бұрын Қазақстан Орталық Азияда дәрі-дәрмекті таңбалаудың толық циклін бастаған жалғыз ел болғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар