Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 51,9 трлн теңгеге жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 51,9 трлн теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібінде 8,6% өсім тіркеліп, өндіріс көлемі еліміздің 16 өңірінде артты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті. 

Өнеркәсіп
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Биылғы жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,9%-ды құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 51 935 млрд теңгеге жетті. 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте бұл көрсеткіш 44 840,7 млрд теңгені құраған.

Өңдеу өнеркәсібінде оң динамика байқалды, мұнда өндіріс көлемі 8,6%-ға артты. Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 12,4%-ды, сумен жабдықтау, суды бұру және қалдықтарды басқару саласында 9,2%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде машина мен жабдықтан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру 34,8%-ға, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі 30,9%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру 23,4%-ға өсті. Машина жасау өнімдерінің өндірісі 22,8%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 18,1%-ға, тамақ өнімдерін өндіру 13,8%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру 5,9%-ға артты.

Өнеркәсіп өндірісінің өсуі еліміздің 16 өңірінде тіркелді. Ең жоғары өсім Алматы, Жамбыл, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды.

Қазақстан 7 жылда өндіріс саласында қандай нәтижеге қол жеткізгенін мына сілтемеден оқыңыз.