Қазақстанда онкологиялық ауру түрлеріне шалдыққандар саны азайып келеді

АЛМАТЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Қазақстанда онкологиялық ауру түрлеріне шалдығатындар саны жыл сайын азайып келеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз маслихатында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Жеткерген Арзықұлов мәлім етті.
None
None
Оның айтуынша, қазіргі күні Еуропа елдерінің бәрінде дерлік және АҚШ-та бұл дертпен ауыратындар саны әдеттегі мөлшерден 1,5 ? 2 есе артық. Дегенмен Қазақстанда қатерлі ісікке шалдығатындар жыл сайын кему үстінде. «2008 жылдың қорытындысы бойынша елімізде жалпы 38 мың адам онкологиялық дертке ұшыраған. Дегенмен қазіргі шақта түрлі емдеу технологиялары мен қатердің алдын-алу амалдары бар. Мысалы, бізде арнайы мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді. Бұл бағдарламада басты екі міндет қойылған. Олар - дертті алдын-ала анықтауды қамтамасыз ету және емдеуді ең жоғары деңгейде ұйымдастыру. Осының арқасында елімізде аталған ауру түрлерінен көз жұматындар саны біршама төмендеді. Осыдан 5 жыл бұрын бір жыл ішінде 19 мың тұрғын онкологиялық дерт кесірінен көз жұмған болса, қазір бұл көрсеткіш 16 мыңға азайған. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде онкологиялық ауру түрлерінен емдеуге ерекше көңіл бөліп отырған бірден-бір мемлекет», - дейді Ж. Арзықұлов.
Соңғы жаңалықтар