Қазақстанда орны толатын энергетикалық ресурстардың әлеуеті айтарлықтай - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Вице-министр өз сөзінде, орны толатын энергия көздерін дамыту мәселесі бойынша біз үшін күн мен жел күшін пайдалану өте маңызды бағыттардың бірі екенін атап көрсетті. «Сарапшылардың есебі бойынша, Қазақстанда орны толатын энергия көздерінің әлеуеті өте жоғары және ол 1 триллион кВт/сағаттан астамға бағалануда», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі вице-министрге сілтеме жасап.
Министрлік өкілі сондай-ақ, орны толатын энергия көздері секторын дамытудың қолдау тетіктері қажет екенін баса айтты. Өткен жылы «Жаңаратын энергия көздерін қолдау туралы» Заң мен бірнеше нормативті-құқықтық актілер қабылданды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың басында 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оның мақсаттық көрсеткіштеріне сәйкес, алғашқы бес жылда жалпы пайдаланылатын энергия көлемінің 1пайызы - орны толатын энергия көздеріне тиесілі болуы керек. Сондықтан орны толатын энергия көздерін жалпы энергия балансына қосу мақсатында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тарапынан қажетті жұмыстар атқарылуда.
Бүгінде осы Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама міндеттеріне сәйкес «Энергия сақтау және энергия тиімділігін арттыру туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Аталмыш заң жобасының негізгі өзегі - энергия үнемдеуді ынталандыру мен мәжбүрлеу және энергия тиімділігін арттыру тетіктері болып табылады.
Жалпы алғанда, Д.Тұрғанов атап көрсеткендей, орны толатын энергия көздерін дамытуға бағытталған шаралар 2020 жылға дейін ауаға бөлінетін улы газдардың көлемін 15 пайызға азайтуға және ұлттық экономиканың бәсекелестігін арттыруына өз ықпалын тигізбек.