Қазақстанда осы шілде айының соңына дейін апиын алмастырушы терапияны енгізу мәселесі шешіледі
«Қоғамдық тыңдалым аяқталған соң, 10-15 күннен кейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің отырысы болады. Онда елімізде апиын алмастырушы терапияны енгізу немесе енгізбеу туралы нақты шешім қабылданады», - деді С. Алтынбеков.
Ол сонымен қатар, Қазақстанда «Қазақстанда АИТВ індетін алдын алу үшін апиын алмастыру терапиясын енгізу» жобасының аяқталғандығын жеткізді.
Жоба аясында апиын алмастырушы терапияны енгізу бойынша қанатқақты жобаға енбеген 4 өңірде (Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент) АИТВ және ЖИТС індеттерін алдын алу және инемен енгізілетін есірткі қабылдаушылардың есірткіге тәуелділігін азайту мақсатында соларға арналған қолдаушы емдер бойынша қоғамдық тыңдалымдардар өткізілді.
«Бұл жоба 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оны ұзаққа соза беруге болмайды. Енді министрдің Қазақстанда алмастырушы терапияларды енгізу немесе енгізбеу туралы шешімі ғана қажет», - деді ол.
Оның айтуынша, апиын алмастырушы терапияларды енгізу шынында да АИТВ және ЖИТС індеттерін азайтуға септігін тигізеді. Ал, 2017 жылдан бастап, жергілікті бюджет арқылы алмастырушы терапияларға арналған сайттарға қаржылық қолдау көрсетіле бастайды.
«Бұл жерде мына нәрсені ұмытпау керек. Алмастырушы терапия апиынды есіркті - героинді ғана қолданатындарға арналған.
Бір нашақор күніне героинге 5-6 мың теңге жұмсайды.
Ал оның орнына күніне 100 миллиграммнан 200 миллиграммға дейін алмастырушы апиындық дәрі-дәрмектерді қабылдау бағасы - 200 теңгеден жоғары болады. Яғни, айына 6 мың теңге деген сөз. Есірткі қабылдаушылар ақша іздеген кезде ештеңеден тайынбайтынын білесіздер. Бүкіл әлем бойынша қылмыстардың 60 пайызы маскүнемдік немесе нашақорлықтың себебінен жасалады», - деді ол.