Қазақстанда отандық автодилерлердің сатылымы екі есеге артты

АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Нарықтың даму қарқыны баяулағанына қарамастан, жыл басынан бері отандық автодилерлер екі есе көп көлік сатты. Аталмыш мәліметтерді «Qncepto» консалтингтік компаниясы келтіріп отыр.
None
None

2013 жылдың ақпаны нарықтық экономиканың даму қарқыны бәсеңдеген шағы болды. Дегенмен өткен ай қазақстандық автонарық үшін жемісті болды. Ресми дилерлер 9 162 жеңіл және жеңіл коммерциялық көлік сатып, мол олжаға кенелген. Бұл көрсеткіш 2012 жылдың ақпан айындағы сатылымның деңгейінен 87,82%-ға, 2013 жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштен 4 пайызға жоғары болып отыр.

Жалпы жыл басынан бері Қазақстанда 17 971 жаңа көлік сатылған. Осылайша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нарық екі есеге - 99,79 пайызға өскен.

Ақпан айында сатылған көліктердің 54 пайызы ресейлік көліктер құраған. Қазақстандық автоөндірістің үлесі 23,53 пайыз. Өзбек автоөнеркәсібінің импорты 13,49 пайыз қарқын берген. Қалған 8,96 пайыз көлік алыс шетелден әкелінген.

Ең көп сатылған модельдердің тізімі өзгеріссіз қалды. Lada Priora, Lada Samara және UZ-Daewoo Nexia үздік үштікті сақтап тұр.

Соңғы жаңалықтар