Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтушылар есебінен ішкі еңбек нарығының мол резерві қалыптасып отыр - С. Әбденов

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтушылар есебінен ішкі еңбек нарығының мол резерві қалыптасып отыр.
None
None

Бүгін Парламент Сенатында «Шағын және орта бизнесті дамыту шеңберінде «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысына арналған дөңгелек үстелде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов осылай мәлім етті.

Серік Әбденовтың айтуынша, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы еліміздің әрбір азаматына арналып, мемлекеттік қолдау бойынша тиісінше қаражатпен қамтамасыз етіліп келеді.

«Қазақстанда 2012 жылғы төртінші тоқсанда еңбекке тартылған адамдардың саны 8,5 миллионға жетті. Оның ішінде жалдамалы жұмысшылар 5,8 миллион адамды немесе 68,2 пайызды құраса, 2,6 миллионы немесе 30,6 пайызы өзін-өзі жүмыспен қамтығандар. Ал халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санының үлесі ауылда - 68,2 пайызды, қалада 31,8 пайызды құрайды. Жалпы Қазақстанда дәл осы өзін-өзі жұмыспен қамтушы санатындағылар есебінен ішкі еңбек нарығының мол резерві бар», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар