Қазақстанда Паркинсон ауруын емдеу сапасы әлемдік деңгейде - профессор Д. Труонг

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда Паркинсон ауруын емдеу сапасы әлемдік деңгейде. Мен осы дертке шалдыққан науқастарға көрсетіліп жатқан медициналық көмектерге қарап, тәнті болдым. Бүгін Алматыда «Қазақстанда неврология бойынша білімдерді жаңғырту» тақырыбы бойынша өтіп жатқан Халықаралық білім беру ғылыми форумы барысында «Паркинсон ауруы және қозғалыстың бұзылуы институтының» (АҚШ) профессоры Дэниел Труонг осылай деді.
None
None

«Бүгінгі форумға қазақстандық жас мамандардың көптеп жиналғанына және олардың білім алуға деген зор ынта-ықыласына қатты риза болдым. Мен Қазақстанның болашағының жарқын болатындығына сенімім мол. Өйткені, Қазақстанда жас мамандарды даярлауға мемлекеттік деңгейінде жеткілікті көңіл бөлініп келеді», - деді өз сөзінде Д. Труонг.

Сонымен қатар ол жүйке ауруларының ішінде өзіндік орын алатын Паркинсон дертін емдеуде соңғы жылдары жаңа тәсілдердің пайда болғандығын жеткізді.

«Бүгінгі таңда Паркинсон ауруын ойдағыдай емдеуге болады, бірақ одан айығып кету әзірше мүмкін емес. Бұл жағынан заманауи медицина дәрменсіз. Бірақ оны жоғары деңгейде емдеуде жаңа тәсілдер ойлап табылып жатыр. Мысалы, миды терең түрде ширықтыру, ынталандыру және арнайы аппаратпен миға тікелей препарат енгізу тәсілдері. Олар емдеу сапасы мен науқастардың өмір сүру деңгейін арттыра түседі. Бұл екі әдістің пайдасы өте зор», - деді профессор Д. Труонг.

Айта кетелік, қазіргі таңда жер шары халқының үш пайызы осы Паркионсон дертінен зардап шегеді екен.

Бүгінгі халықаралық ғылыми форумға Қазақстанның әр өңірінен және алыс және жақын шет елдерден 500-ге жуық делегат қатысуда. Олардың ішінде профессорлар, невролог дәрігерлер, терапевтер, реаниматологтар, жалпы практикалық дәрігерлер және басқа да медициналық мамандар бар. Форум барысында ғылыми баяндамалар оқылып, диагностика және емдеу бойынша талқылаулар жүргізіледі және шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Форум 8-ші қыркүйекке дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар