Қазақстанда пенитенциарлық жүйенің 6 мекемесі жұмысын тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның пеницентиарлы жүйесінде алты мекеме өз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйе (ҚАЖ) Комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда пенитенциарлық жүйенің 6 мекемесі жұмысын тоқтатты

Сотталушылар санының айтарлықтай қысқаруына байланысты (соңғы 5 жылда 30% азайған), ІІМ бастамасымен және ҚР Үкіметінің Қаулысымен ҚАЖ Комитетінің алты мекемесі: Шығыс Қазақстан облысындағы екі мекеме және Ақтөбе, Атырау, Қарағанды ​​және Маңғыстау облыстарында бір-бір мекемеден жабылды», - деп атап өтті республикалық пенитенциарлық жүйе мекемесі.

ҚАЖ Комитетінің түсіндіруінше, барлық жабылған мекемелер 50-60-шы жылдары салынған барақ тәрізді, оның үстіне оларды жөндеу жұмыстары көлемді қаражатты қажет етеді және олар халықаралық талаптарға сай келмейді.

«Ал биылғы маусым айында облыс орталығынан шалғай орналасқан (Қарағандыдан 380 шақырым) Қарағанды облысы Қаражал қаласындағы ҚАЖ мекемесі жойылған еді», - деп толықтырды ҚАЖ Комитеті.