Қазақстанда пирамида ұйымдастырған азамат қаза тапқан қырғызстандықтың төлқұжатымен жүрген

мектеп
Фото: Виктор Федюнин/ҚазАқпарат

АСТАНА. KAZINORM – Қаржы пирамидасын ұйымдастыру күдігіне іліккен отандасымыз Бішкекте қаза тапқан қырғыз азаматының төлқұжатымен жүрген. Бұл туралы 24.kg агенттігі жазды.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, өткен жылдың 30 желтоқсанында Бішкек қаласында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабымен айыпталып, іздеуде жүрген 1985 жылғы О.А. деген шетел азаматы ұсталған. ОЛ 2000 жылы дүниеден өткен Қырғыз Республикасы азаматының төлқұжатын заңсыз алып, оны бірнеше мәрте қолданған.

«Ол Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып, Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен. Ал тіркеу органының лауазымды тұлғасы оған ресупбликада мұнан ары заңды жүруі үшін жәрдем берген. Бұған қоса, ол есірткі затын сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 150 мың сом айыппұл төлеген», - деп жазады ақпарат агенттігі.

Қазақстан азаматына қырғыз төлқұжатын заңсыз беру күдігімен Бішкек қаласы Окябрь аудандық төлқұжат-виза және тіркеу жұмысы бөлігімінің жетекші маманы 1981 жылы дүниеге келген К.А. ұсталып, қамауға алынған.

Бұған дейін 2023 жылдың желтоқсан айының соңында Бішкек қаласының бақылау камералары Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 217-бабы «Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша іздеу жариялаған О.А. есімді Қазақстан азаматын анықтаған, ол қолға түскенін жазған едік.

Айта кетейік, 2021 жылы сәуір айында Қазақстанда салымшылар үш компанияның қызметіне қатысты ұжымдық арыз жазып, оларды қаржы пирамидасы деп атады. Бұл компаниялар өзін инвестиция саласындағы табысты ұйымдар деп таныстырған. Ол пайдалы инвестицияларды ұсынатын осы «жоба» көшбасшыларын ұстай бастаған кезде, жасырынып үлгерген.

Компаниялар салымшылардың бірнеше миллиард теңгесін заңсыз алған. Қаржы ағынын арттыру мақсатында қаржы пирамидалары қызметіне танымал блогерлерді де тартқан. Сот қаржы пирамидасына қатысы бар екі вайнерді 5 жыл бас бостандығынан айырған болатын.

Соңғы жаңалықтар