Қазақстанда потенциалды қауіпті жолаушыларды анықтайтын жүйе енгізілуі мүмкін

Комитет басшысы жолаушылар туралы алдын ала ақпарат алу жүйесін енгізу мәселесіне тоқтала келе: «Бұл ұшқанға дейін төлқұжаттық немесе визалық мәліметтерді жинау және жолаушы келгенге дейін тәуекелдерді басқару мақсатында, осы мәліметтерге талдау жасау үшін өкілетті органдарға деректерді электронды құралдардың көмегімен жіберуге қатысты болып отыр», - деді.
Осы орайда ол бұндай шаралар жолаушылардың сапар алдындағы рәсімдерін тездетеді.
Б. Сейдахметовтің сөзіне қарағанда, Халықаралық азаматтық авиация ұйымына мүше барлық елдері (ИКАО) өздерінің аумағына келуге ниет танытқан адамдар туралы кез келген қажетті ақпаратты алу құқығына ие. ИКАО пайымынша, жолаушылар тасымалы көлемін дамыту мен арттырудағы негізгі жетістік , жолаушылар туралы алдын ала тексеру жүйесінің тығыз өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысты, яғни жолаушылар туралы мәліметтерді алдын ала жинау мен ұсыну қажет.
«Бұл тұрғыда жолаушылар мен жүктердің барша 100 пайызы азаматтық авиация үшін потенциалды қатерді тудырып отырған жоқ және оларды қатаң тексеруді қажет етпейді деген қолданыстағы ұстаным ескеріліп отыр. Қазіргі кезде жүйе көмегімен жолаушылар туралы соңғы мәліметтерді құру және ішкі және халықаралық бағыттарға сатып алынатын , сондай-ақ брондалатын барша әуе билеттері мәліметтер базасында жолаушыларды тіркеуді жазуды қарастырудамыз. Жүйені енгізу тиісті алгоритм жолымен, тәуекелдерді автоматты талдау арқылы жолаушылар ағымы арасынан күдікті әрекеттерімен көзге түскендері анықтауға мүмкіндік береді»,-деді ол.