12:11, 05 Қазан 2023 | GMT +5
Қазақстанда ірі ұйымдасқан қылмыстық топтарды құрықтау операциясы қай өңірлерде жүргізіліп жатыр
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ірі қылмыстық топтарды ұстау жұмыстары қай өңірлерде жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАқпарат» тілшілеріне мәлім болғандай, қылмыстық топтарды ұстау операцияcы Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында жүргізіліп жатыр.
Операцияға ҚР ҰҚК мен ҚР ІІМ-нің күш-құралдары және осы екі ведомствоның арнайы жасақтары мен техникаcы жұмылдырылған.
Ұсталған қылмыстық топ мүшелері Қырғызстан, Қытай мен Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстарының шекаралас аймақтарында заңға қайшы әрекеттерін жүзеге асырған.
Осыған дейін ҚР ҰҚҚ мен ҚР ІІМ өкілдері бірлесіп, қылмыстық топтарды ұстау ауқымды операциясын жүргізіп жатқаны хабарланды.
Азамат Сыздықбаев